Инфрақұрылымды жаңарту — экономиканың тұрақты дамуының негізі
Мемлекет басшысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртудың негізгі мақсаты – осы салаға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау екенін атап өтеді. Бұл – ел экономикасының тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық маңызды ұстаным.

Энергетикалық инфрақұрылым мен коммуналдық жүйелердің жаңаруы өндірістің тиімділігін арттырып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады. Сонымен қатар инвестициялық тартымдылықтың өсуі жаңа жобалардың іске асуына, жұмыс орындарының ашылуына және өңірлердің дамуына серпін береді.
Мемлекет тек реттеуші ғана емес, сонымен қатар бизнесті, инвесторларды және қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын үйлестіруші күш екенін көрсетеді. Бұл бағыттағы жүйелі реформалар Қазақстанның ұзақ мерзімді өркендеуіне негіз қалайды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



