Спорт

Хоккейшілеріміз әлем чемпионатындағы соңғы ойынын өткізеді

Кеше хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Латвия құрамасынан жеңіліп, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді. Енді бүгін отандастарымыз Словения құрамасына қарсы топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізеді.

 

Словения құрамасы кеше Словакиядан жеңіліп, топ-дивизионнан шығып қалды. Ал, Қазақстан құрамасы Латвиядан айласын асыра алмаса да әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалды. Егер, бүгін қарсыластарын жеңсе, топтық кезеңді VI орынмен аяқтайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button