Медицина

Хатуна ДЕВДАРИАНИ: Жауапкершілік – ата-ананың мойнында

Тамақтың ауруы, жөтелу себебі тұмау емес, жедел респираторлық вирустық инфекция болуы мүмкін. Бізге бірдей көрінгенімен, мамандардың айтуынша, екеуі екі бөлек дерт. Қазір жедел респираторлық вирустық инфекцияның белең алып тұрған шағы. Ол жағдайға қарамайды, жас талғамайды. Инфекция əсіресе, балаларға ауыр. ЖРВИ жəне оның алдын алу жайлы облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар инфекционисті, Қарағанды медицина университеті инфекциялық аурулар жəне фтизиатрия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Хатуна Девдарианимен аз-кем сұхбаттасқан едік.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

– Хатуна Георгиевна, ЖРВИ мəселесіне тоқталайық…

– Жедел респираторлық вирустық инфекциясы – шынымен де балалар педиатриясындағы маңыз ды мəселе. Ол жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы, қалтырау, ринит, жөтел, тамақтың жыбыр лауы сияқты белгілерден білінеді. Оның жеңіл, орташа, орташа ауыр, ауыр түрлері болуы мүмкін. Оның барлығы баланың. жағдайына қарай анықталады. Бұл – инфекциялардың үлкен тобы. Оның қоздырғышы – вирус. Ол мұрын, көз конъюктивасы арқылы ағзаға енеді.

– Тұмау мен ЖРВИ белгілерінде қандай айырмашылық бар?

– Кенеттен көтерілген дене қызуы тұмауға қатысты. Мысалы, балабақшадан не мектепте ешқандай суық тию белгілері жоқ баланың. температурасы көтеріледі. Таңертең бала сау болған. Оның екі түрі бар. Грипозды түрі жаңа айтқан кенеттен басталатын температура, басқа белгілері екінші күнінде қосылуы мүмкін. Парагрипп кезінде суық тию белгілері байқалады жəне баланың дауысы шықпай қалады, өткір жөтел байқалады. Грипозды емес түрлері де бар.

Оған аденовирусты инфекция, назофарингит, ларинготрахеит жəне басқасы жатады. Аденовирус инфекциясы өткір басталады, температура көтеріледі. Аденовирусты пайда болған конъюктивиттен анық көруге болады. Кейде көз былшықтанбаса да, қарашық бетін сұр қабықша жауып тұруы мүмкін. Ал, тыныс алу жеткіліксіздігі, яғни, стенозды бастапқы кезеңде байқау мүмкін емес. Ол орташа ауыр жəне ауыр жағдайда ғана байқалады. Оның барлығын білікті дəрігер ғана анықтайды.

– Ал, ата-аналар қандай белгілерге назар аудары керек?

– Кез келген ата-ана ЖРВИ мəселесінде сақ болуы керек. Əсіресе, жаңа туған сəби мен 5 жасқа дейінгі баланың ата-анасы. Олар үшін назар аудару тиіс. төрт жағдай бар. Бала еме алмаса, су іше алмаса, бұл – бірінші белгі. Ол оның қаламағандығынан емес, жағдайына байланысты іше алмай тұр. Екіншіден, су не тамақ ішкеннен кейін құсса, үшінші белгі – құрысып қалса, дереу дəрігерге бару керек. Сосын баланың жағдайына қарау керек. Бала үнемі ұйқылы-ояу. күйде немесе ес-түссіз болса, бұл шұғыл медициналық көмекке жүгіну керектігін білдіреді. Бұл белгілер бала. өміріне қауіп төндіреді. Жəне олар жылдам пайда болады. Оның алдын алу үшін емделуді ерте бастау керек.

– Бұл ретте емделудің жолдары қандай?

– Үйдің ауасын жаңарту, жиі тазалау, ауаны ылғалдату сияқты əдістер бəріне мəлім. Сонымен қоса, ауырған баланы тамақ ішуге қинамау қажеттігін еске саламын. Онсыз да бала ағзасында интоксикация бар. Бірақ, су ішкізу керек, ішпесе қауіп арта түседі. Егер бала су ішпесе, айтқанымдай, дəрігерге бару керек. Онда баланың жағдайын анықтап, қажет

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button