Руханият

ХАТ (Абзал ағама)

Хат жаздым қалам алып, Аға саған,
Аман ба аппақ тәтем, бала-шағаң?!
…Жыландай жиырылып жатып алды,
Жолымда неге ана бір аласа адам?!

Хат жаздым, Аға өзіңе, қалам алып,
Жақсыға жүрегімнің адалы анық.
Бастырмай өр кеудемді жүрер шақта,
Қасқырдай қалдым неге жараланып?!

Безерген қансыз-сөлсіз бет-өңдері,
Ұстасу ұяты кеммен бекер ме еді?..
Кетілген Кемпірбайдай кездерімде,
Көңілді Әсет* те кеп көтермеді.

Жанымның жамыратқан көк өскінін,
Керімсал күннің көбі елес бүгін.
Мінгелі қылқұйрығын қызметтің,
Досымда дос көп қазір деп естідім.

Қоғадай жапырам деп  түйілмес кім?!
Доғадай алдарында  иілмеспін!
Жалғыз қап құм ішінде күңіренген,
Мен де бір Махамбеттің күйін кештім.

Хат жаздым, Аға өзіңе, сырымды ашып,
Кеше көр, шықса егерде үнім жасық.
Бөрі едім еркін жортқан ен далада,
Иттермен жүрмін итше ырылдасып…
Хат жаздым Аға саған…

Ілияс МҰҚАЙ.

*Әсет Аманжол

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button