Ханчжоуда IV Азия Пара ойындары басталды
Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия Пара ойындары басталды. Оған 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы бақ сынауда. Қатысушылар спорттың 22 түрінен сынға түспек. Ал, осы бір дүбірлі додада 131 спортшы қатысып, спорттың 14 түрінен өнер көрсетеді. Аталған чемпионат 28 қазанға дейін жалғасады.
– Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аман-есен жетті. Біздің спортшылар классификациядан сәтті өтіп, өздерінің спорт класын растады. Спортшылардың класы паралимпиадалық спортта шешуші рөл атқарады. Бұл барлық қатысушылар үшін әділ жарыстарды қамтамасыз етеді. Енді біздің алдымызда құнды медальдар үшін қарқынды күрес тұр. Қарсыластарымыз осал емес. Биыл осы додаға 131 спортшы қатысады. Бұл Қазақстанның Азия пара ойындары тарихындағы қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд. Алдыңғы ойындарға Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысып, 33 жүлдеге қол жеткізген болатын. Биылғы жылы одан да көп медаль әкелеміз деп үміттенеміз, – деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz