Жаңалықтар

Халық пен билік арасындағы алтын көпір

Ұлттың бірлігін, елдің тұрақтылығын мақсат еткен Ұлттық сенім кеңесінің құрылуы қазақ жұртының болашаққа деген сенімін одан әрі нығайтып, билікке деген дұрыс көзқарасын одан әрі тұғырлы етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында бүтіндіктің ке­теуін кетірмей, тұрақтылықтың тірегі – бейбітшілік, игілік, өркендеу, әділдік және баршаға ортақ тең мүмкіндіктерді сақтай отырып, әділетті, дамыған қоғам құруға бастайтынын айтты.

Осы орайда, енді ғана құрылып, жұмысын бастаған Ұлттық сенім кеңесі еліміздегі түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаң болмақ.

Президенттің өзі айтқандай, билік адамдардың талап-тілегі­ не құлақ асып, проблемаларын жергілікті жерде шешіп, аза­ маттар алдында тұрақты есеп берілер болса, әділдік үстемдік етіп, өркендеудің даңғыл жолы­ нан айнымай, ілгері баспақпыз. Ұлттық сенім кеңесі де осы бағытта жұмыс жасап, ел мен билік арасындағы алтын көпірге айналатынына халық та, билік те бек сенімді.

Қуандық ҚАЗЫҒҰЛОВ,

еңбек ардагері.

СӘТБАЕВ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button