Жаңалықтар

Хали Хайрат «Ерлігі үшін» медалімен наградталды

Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан Хали Хайрат ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Мемлекет басшысының атынан марапатты қаза тапқан өрт сөндірушінің туған-туыстарына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыс етті.

– Бүгін біз өз өмірін басқа адамдарды құтқару үшін құрбан еткен батырды еске алуға жиналдық. Біз оның ерлігін ұмытпаймыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Мемлекеттік награданы табыс ету рәсіміне өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері қатысты. Марқұмның ерлігі олар үшін қызметке деген адалдықтың үлгісі болады.

– Ел Президентіне біздің батыр әріптесімізді марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетті, оның жанқиярлың еңбегінің арқасында бірнеше жан өлім аузынан арашалынып қалды. Ол біздің жүрегімізде мәңгі қалады, – деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button