Спорт

Грециядан қос алтынмен оралды

Грецияның Лутраки қаласында грепплингтен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қарағандылық Асанәлі Абаев өнер көрсетіп, қос алтын жеңіп алды.

 

Халықаралық біріншілікке әлемнің 20 елінен 14-15 жас аралығындағы 400-ден астам спортшы қатысқан. Қарағандылық спортшы осы додада грепплинг және ги грепплинг түрінен сынға түсіп, қос алтынды жеңіп алды.

Жерлесіміз алғашқы жекпе-жегінде Украина өкілімен күш сынасып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Екінші күні тағы бір укариналық қарсыласын 13:6 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

 

Айта кетейік, жас спортшы грепплинг пен джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы. Енді ол Абу-Дабиде өтетін бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионатына қатысады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button