Бас тақырып

Грекия-Қазақстан: қарсылас дайын, біз ше?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 22 наурызда сырт алаңда Грекия құрамасымен кездеседі. Отандастарымыз УЕФА Ұлттар Лигасының 2024/2025 маусымында «В» тобында ойнайды. Бүгінде ұлттық құраманың наурызда өтетін мачтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімі жарияланды. Енді Дубайда 8 наурызда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

Сурет: aladop.kz сайтынан

Қос команда арасындағы ойында кім жеңіске жетеді? Біздің құрама қаншалықты дайын? Өткен маусымда ұлттық құрама жігіттері тамаша өнер көрсетіп, футбол жанкүйерлеріне ұмытылмас эмоция сыйлаған болатын. Осы жолы, яғни, маусым басындағы алғашқы ойын қалай өтеді? Шолу жасап көрелік.

Әңгімені қарсыластардан бастасақ. Грекия елінің футбол федерациясы құрама ойыншыларының Қазақстанға қарсы матч алдында жақсы дайындалып алуы үшін Суперлига ойындарын кейінге шегерген. Осыдан-ақ, қарсыластардың дайындыққа шындап кіріскенін көруге болады.

Жалпы, Грекия ұлттық құрамасы барлық көрсеткіш бойынша бізден бір қадам алда. Себебі, құрама мүшесінде Нидерланд чемпионатында сұрмергендігімен көзге түсіп жүрген ойыншылары жетерлік. Ал, ФИФА рейтингі бойынша да бізден әлдеқайда жоғары тұр.

Құраманың соңғы ойындарына көз жүгіртсек, өз алаңында жақсы өнер көрсетіп жүргенін көруге болады. Демек, өз алаңында қолдайтын жанкүйерлері көп жиналады деген сөз. Ал, жанкүйер қолдауы – жеңістің басты қаруы. Былтырғы маусымда өз алаңында 6 ойын өткізсе, оның тек біреуінде ғана, жеңіліп қалған. Ал, екі ойында тең түскен. Көрсеткіш – жаман емес.

Соңғы рет Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі 10 турында өз алаңында Франция құрамасын қабылдап, 2:2 есебімен тең түскен. Ал, чемпионаттың топтың кезеңінен 13 ұпаймен ІІІ орын иеленді. Осы чемпионатта шабуылшы әрі «Олимпиакос» клубының ойыншысы Гиоргос Масурас 5 гол салып, көзге түскен болатын.

Греция мен Қазақстан құрамасы өз тарихында үш мәрте кездесіпті. 2004 жылы Әлем чемпионатында бір топқа түсіп, 3:1 есебімен жеңіс қарсыластардың пайдасына шешілген. Ал, 2005 жылы отандастарымыз қарымта мачта қарсыластарын өз алаңында қабылдап, 1:2 есебімен қайта жеңіліп қалады. Бірақ, сол уақытта жерлестер лайықты өнер көрсете алды.

2006 жылы отандастарымыз сырт алаңында жолдастық кездесу өткізеді. Сол уақытта да 2:0 есебімен жеңіліс табады.
Дегенмен, Ұлттық құрама ойыншылары былтырғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде қалай атой салғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Бұл дегеніңіз, жерлестердің тәжірибе жинағанын білдіреді емес пе?!

Қос құрама арасындағы ойын тартысты өткелі тұр. Ал, сіздіңше бұл ойында кім жеңіске жетеді?

Ұлттар Лигасының жартылай финалдық матчында жеңімпаз атанған ұжым Люксембург пен Грузия арасындағы өтетін ойында жеңіске жеткен құрамамен Еуропа біріншілігінің жолдамасын сарапқа салады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button