«Гиппократтың» бұқараға есігі ашық
Бұқара арасында беделге ие бірден-бір медициналық ұйым – «Гиппократ» тұрғындарға айына үш рет тегін қабылдау өткізетін болады. Бұған дейін айына бір рет еді. Бұл күндері «Гиппократтан» тұрғындардың ақысыз-пұлсыз кеңес алуға мүмкіндігі бар. Шара – «Гиппократтың» барша үшін, көпшіліктің материалдық һәм әлеуметтік жағдайына қарамастан ашық, қолжетімді екенін көрсетуді міндет тұтыпты.
Компания басшысы Надежда Хохлованың айтуынша, Ашық есік күнін өткізудегі мақсат – азаматтардың өз денсаулығына назар аударуына ықпал ету. Акция аясында келушілер жетекші мамандармен танысады. Айта кететін бір жайт, тек біздің облыс тұрғындары ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары да компания мамандарына Ашық есік күндері жүгіне алады. Сонымен қатар, бұл күндері зертханалық және диагностикалық қызмет көрсетуге 20 пайыздық жеңілдік жасалмақ.
Ашық есік күндері туралы компанияға қоңырау шалып, нақтырақ білуге болады.
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА