Руханият
Германия: қазақ-қырғыз бір туған
Еуропаның түпкір-түпкіріндегі қазақтар Наурыз мерекесін аса бір ықаласпен күтетінін біреу білсе, біреу білмес. Қолда бар деректер шет елдегі Қазақстан елшіліктерінің дәстүрді дәріптеуге мұрындық болатынын айтады. Дегенмен де, қарапайым қаракөздердің өздері тарапынан Ұлыстың ұлы күні ұмыт қалған кезі жоқ екен.
Германияда тұратын қазақ диаспорасы мен қырғыз диаспорасы бірігіп, сәуірдің 13-інде наурыз тойын сағат 12:00-ден түнгі сағат 1:00-ге дейін тойлауды жоспарлап отыр.
Наурыз мейрамы Германияның Кассель қаласында өтеді деп күтілуде. Онда киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылмақ. Қымыздан басталған ұлттық тағамдар бұқара назарына ұсынылатынын айтады ұйымдастырушылар.
Өз тілшімізден.