Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Футболшылар қаза тапқан кеншілерді еске алды

Кеншілер мерекесі қарсаңында қарағандылық футболшылар Орталық саябақтағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Суреттер: дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Біздің команда қара алтын өндіретін ерлердің ерлігіне үлкен құрметпен қарайды. Біздің арамызда ата-анасы мен туыстары шахтада жұмыс істеген немесе жұмыс істейтін ойыншылар бар, спортшылар тау-кен жұмыстарының қаншалықты қиын, қауіпті және маңызды екенін біледі. Сондықтан қаза тапқан кеншілерді үлкен құрметпен еске аламыз, – деді «Шахтер» футбол клубының бас бапкері Андрей Финонченко.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button