Ферроқорытпа зауыты үдемелі дамудың үлесін еселейді
Кеше облыс орталығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен «YDD» Сorporation Қарағанды ферроқорытпа зауытының ашылу салтанаты өтті. Сонымен, Қарағанды өндіріс ошақтарының қатары тағы бір ауқымды жобамен толықты. Бұл дегеніміз – облыс басшылығының мұрындық болуымен қалыптасып отырған инвестициялық ахуалдың жемісі. Жаңа зауыттың ашылу салтанатына аймақ басшысы Ерлан Қошанов және республикалық деңгейдегі өзге де лауазымды тұлғалар қатысты.
Олардың қатарында Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, «YDD» Corporation құрылтайшылары Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Дінмұхаммед Ыдырысов болды. Сондай-ақ, зауыттың ашылу салтанатына «Русская медная компания» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Игорь Алтушкин, «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай, «Yildirim Group» компаниясының президенті, әрі бас директоры Роберт Йилдирим, «Sigma» банкінің бас директоры Стефан Вольф, «КазЦинк» компаниясының бас директоры Александр Хмелев келді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс. Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет. Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ынталандыруға тиіс. Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек. Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді» деген болатын. Бұл ретте, облыс орталығында бой көтерген автоматтандырылған зауыттың Елбасы стратегиясымен сабақтас екенін аңғаруға болады.
Өз кезегінде, Премьер-Министр жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, аймақтың одан әрі әлеуметтік- экономикалық дамуындағы жоғары технологиялық кәсіпорынның маңыздылығын атап өтті. Жобаның ерекшелігі — «Индустрия 4.0» бағдарламасы аясында өндірістік циклдің жаңа технологиялық әзірлемелерін енгізу. Кәсіпорында алғашқы кезеңдерде жылына толықтай экспортқа бағдарланған 180 мың тонна өнім шығару көзделіп отыр.
– Алдағы уақытта жыл сайынғы өнім көлемін 240 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Газ тазарту жүйелерінің кешені және көмірдің орнына электр қуатын пайдалану атмосфераға таратылатын зиянды қалдықтарды толықтай бейтараптандырады. Сәйкесінше, қоршаған ортаға теріс әсері барынша аз болады, – деді Асқар Мамин.
Жаңа зауыт металлургия сала сындағы басты кәсіпорындардың біріне айналып, аймақтың ғана емес, жалпы еліміздің әлеуметтікэкономикалық дамуына оң үлесін қосады. Ферросилицийдің негізгі көлемі Ресейге, Түркияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа және Еуропалық Одақ елдеріне жеткізіледі. Сонымен қатар, дайын өнім өндіру кезіндегі қазақстандық қамту үлесі 94%-дан астамды құрайды.
Зауыт құрылысы кезеңінде мың жарымнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Оны пайдалану кезеңінде 350 тұрақты жұмыс орны ашылады. Екінші кезең іске асырылған жағдайда олардың саны 550-ге дейін артады. Өз сөзінде, Үкімет басшысы облыстың Қазақстанның өңдеу, металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, машина жасау саласын дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
Оның айтуынша, аймақтағы өнеркәсіпті әртараптандыру, жүйе құрушы кәсіпорындарды жаңғырту, инвестициялар тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Тартылған барлық инвестициялардың 93%-ы – жеке, олардың жартысы – шетелдік. Об лыста 1 трлн. теңгеден астам сомаға 35 жаңа ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олардың 17-сі – шетелдіктердің қатысумен жүзеге асуда. Осы жылдың бірінші жарты жылдығында инвестициялар өсімі 72% құрады.
– Бұл күн Қазақстан эконо микасы үшін ерекше күн болмақ. Жаңадан салынған зауыт келешек тегі кемел бастамаларға алғашқы қадамын жасады. Мұның барлығы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясы негізінде жасалып жатқан жақсылық. Зауыт құрылысы небары 1 жыл 11 айда тәмамдалды. Жаңа зауаттың бой көтеруіне еселі еңбек сіңірген бас және қосалқа мердігерлерге айрықша алғысымды білдіремін. Олардың қатарында қазақстандық компаниялар да бар. Бұл – отандық құрылысшылардың биік белесті бағындыра білгенінің айғағы. Өндірістік циклда әлемдік жаңа технологияларды қолдану осы жобаны жүзеге асырудың ерекшелігін көрсетеді. Мәселен, зауытта газдан тазарту деңгейі 99,8%-дан жоғары бо лады, – деді Ерлан Нығматулин.
Қарағанды ферроқорытпа зауыты ның құрылысын салуға Швецияның, Данияның, Түркияның, Қытай Халық Республикасының, Грузияның, Ресей дің және Қазақстанның инженерия және жоғары технологиялық өнеркәсіп саласындағы әлемдік жетекші сарапшы компаниялары қатысты.
– Бұл зауыттың ашылу салтана тына қатысу – мен үшін үлкен құрмет. Мен бұл жобаны осыдан үш жыл бұрын көрген едім. Үш жылда түрленіп үлгерген жобаны көріп, таңқалып тұрмын. Бұл – табандылық пен жүй елі жұмыстың жемісі. Қиялдағы арман өмір шындығына айналды. Қазақстанның өсуі мен өркендеуі жо лындағы бұл үлкен жетістік. Сон дықтан, осы мемлекетке, оның адамда ры мен экономикасына қосқан үлесім барын мақтанышпен айта аламын. Ежелден бауырлас Қазақстан мен Түркия мемлекеттері достық қарым-қатынасын үзбейтініне сенімдімін, – деді Роберт Йилдирим.
Айта кетейік, жоба Қазақстан Республикасының Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағ дарламасы аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның қолдауымен қазақстандық және еуропалық инвесторлардың жеке қаражатына салынып, іске асырылды.
– Мен әлемдегі ең шағын мемлекеттердің бірі саналатын Лих тенштейннен келіп отырмын. Өз кезе гімде, Қазақстан сынды ірі мемлекет пен әріптестік қарым-қатынасымыз нығая түседі деп сенемін. Бұл – аса ірі жоба. Өте ұйымдасқан әрі келеше гінен зор үміт күттірерлік кәсіпорын. Мұндай ауқымды жобаның жүзеге асуына ұйытқы болған барлық мер дігерлерге мен де алғысымды білді ремін. Сіздер аса ауқымды, сөйте тұра, ғажайып жұмыс жасадыңыздар. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді Стефан Вольф.
Бұдан соң, Асқар Мамин, Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Дінмұхаммед Ыдырысов жаңа зауытты салтанатты түрде іске қосты. Осы сәтте, арнайы алаңда алғашқы ферроқорытпа балқымасы құйылып, зауыт өз жұмысын бастады.
Айта кетейік, жұмыс сапары бары сында Үкімет басшысы тау-кен байы ту кешенінің бірқатар кәсіпорнына барды. Яғни, «Алайғыр» кен орнының қорғасын-күміс кенін өңдейтін және байытатын, катодты мыс өндіретін кәсіпорындарына, сондай-ақ, «Көктас жал» кен орны базасындағы тау-кен байыту кешеніне табан тіреді. Одан кейін, «SES Саран» күн электр станци ясында болып, Қарағанды қаласының солтүстік және шығыс айналма жолын жаңғырту барысымен танысты. Бұдан бөлек, ұзындығы 20 шақырымнан астам «Қарасор көлінен айнала Көкпекті-Қарағайлы» айналма темір жол желісі құрылысы жобасын қарау барысында су тасқыны салдарынан зиян келген жол учаскелерін қалпына келтіру жұмыстарының барысы тура лы баяндалды.
Рауан ҚАБИДОЛДА.