Фермерлер енді жыл сайын бір кепілмен несие ала алады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында еліміздегі 2025 жылғы егін жинау жұмыстарына қорытынды жасады. Министрдің айтуынша, биылғы өсімдік өсіру маусымының қорытындысы бойынша алғаш рет 1,8 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізілген деп хабарлайды http://Ortalyq.kz http://qazaq1913.com – ға сілтеме жасап.

Бұл – ғылыми тұрғыда негізделген қажеттіліктің 56 пайызы. Элиталық тұқым үлесі 9,5 пайыз дан 11,5 пайызға дейін өсіп, жоспарланған 10,5 пайыздық межеден асып түсті.
«Ерте қаржыландыру тәжірибесі жалғасын тапқанын ерекше атап өткім келеді. 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Сонымен қатар қарашаның екінші онкүндігінен бастап аграршыларға арналған несие желілері тетігі енгізіледі. Бұл жүйе фермерлерге жыл сайын бір ғана кепілмен револьверлік негізде қаржылануға мүмкіндік береді», – деді Айдарбек Сапаров.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



