Жаңалықтар
Фельдшерлер – үздік бестікте
Жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелерінің IV республикалық жарысында Қарағанды облысының командасы 5-ші орын иеленді.
Сайыста еліміздің 17 аймағынан келген қатысушылар бақ сынасты.
Олар екі күн қатарынан бес клиникалық белгілер бойынша әзірленген тапсырмаларды орындады.
- Берілген тапсырмалар қатарында босану, жарақаттар, шок және жіті коронарлық синдром бар. Сондай-ақ, теориялық білімдеріне де мән берілді. Мұндай жарыстар тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сайысқа қатысқан Исмаил Бахтияр, Ержан Абылайхан және Тимур Каримов фельдшерлер болса да, дәрігерлерге қойылатын талаптың барлығын орындады, – деді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Юрий Бокач.
Кейінгі жылдары жедел жәрдем жүйесінде түрлі оқыту бағдарламалары жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн. «Basic Life support» базалық стандарттарына оқыту – солардың бірі. Ол реанимациялық әрекеттерді тиісті деңгейде атқаруға бағытталған. Сол арқылы науқастарға дер кезінде көмек көрсетіп, өміріне төнген қатерді сейілтуге мүмкіндік артты.
Өз тілшімізден.