Спорт

Фазлеев «Сарыарқа» сапында ойнамайды

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының ойыншысы Радель Фазлеев бұдан былай клубтың атынан өнер көрсетпейді. Екі тараптың келісімімен арадағы келісімшарт күшін жойды.

Сурет: pro.ligasy.kz сайтынан

Шабуылшы аталмыш клубқа қыркүйек айында келген. Содан бері 30 ойынға қатысқан. 11 гол салып, 15 голдық пас берген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button