Білім

Фармация мектебінің 14 түлегіне әскери шен тапсырылды

Қарағанды медицина университеті Фармация мектебінің студенттері білім ала жүріп, әскери кафедраны сәтті аяқтады. Түлектерге салтанатты түрде запастағы медицина қызметінің лейтенанты әскери шені тапсырылды.

 

Әскери кафедра басшысы, запастағы полковник Бауыржан Жиенбаев Фармация мектебінің түлектерін бакалавр дәрежесімен құттықтап, Қорғаныс министрінің «Запастағы медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағын беру туралы бұйрығын оқыды. Әскери кафедраның 14 түлегіне әскери шен тапсырды. Запастағы офицер шенін алу үшін студенттер екі жыл теориялық әскери дайындықтан, бір айлық әскери оқу-жаттығу жиынынан өтіп, емтихан тапсырды.

 

Офицерлік атақ түлектерге Қарулы күштер қатарында келісім-шартпен жұмыс жасауға, сондай-ақ, азаматтық кәсіпорындарға орналасуға мүмкіндік береді.

– Бүгінгі жас офицерлер болашақта еліне қызмет ететін маманға айналады. Оқу орнының ұстаздарына да алғысым шексіз. Жас түлектерге денсаулық пен табыс тілеп, Қазақстан Республикасының қорғаныс күштеріне өз үлесін қоса берсін демекпін, – деді Бауыржан Әкімжанұлы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button