Exit poll: Жаңа жобаны референдумға қатысқан азаматтардың 87,4%-ы қолдады
Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтік сауалнама қорытындысына сүйене отырып, референдумға қатысқан азаматтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп дауыс берген. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігі хабарлады.

2026 жылғы 15 наурызда аталған институт мамандары Қазақстанның 17 облысында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан 200 референдум учаскесінде сауалнама жүргізген. Оның ішінде 129 учаске қалаларда, 71 учаске ауылдық жерлерде орналасқан. Сондай-ақ, сауалнамаға 30 мың респондент қатысты.
Ал, «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген Exit poll қорытындылары қазақстандықтардың 87,4%-ы «Иә, қолдаймын» деп жауап бергендігін нақтылайды.
Бұл нәтиже әлі де өзгеруі мүмкін. Бірақ, «Сауалнама нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды» делінген Exit poll нәтижелері жарияланған ақпаратта.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



