Euro-2024: Қазақстан құрамасы өз алаңындағы соңғы ойынды жеңіспен аяқтады
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы жетінші турында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына келді.
Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келді.
Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака) және тағы басқалары бар.
Негізгі құрамда шыққан «Тобыл» футболшысы Ислам Чесноков Ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соғып, дубльдің авторы атанды. Ол екі голды да айып алаңның сыртынан салды. Сан-Маринода қарап қалмай 60-минутта команда ойыншысы Симоне Франчози есеп айырмасын қысқартты.
Кездесу соңында пенальтиден Абат Айымбетов ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1.
Ел құрамасы H тобында 8 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр.
Айта кетейік, бүгінгі ойынды тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналды.
Енді қазақстандық футболшылар 20 қарашада сырт алаңда Словениямен кездеседі.
Сондай-ақ, бүгін аталған топта Финляндия мен Солтүстік Ирландия («Qazsport» 23.00), Дания мен Словения («Qazsport» 01.45) ойындары өтеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz