Ет сапасы ветеринариялық талапқа сай
Жуырда аймақтың 8 ауылының малынан бруцеллез ауруы анықталған еді. Осы орайда Абай ауданы Дубовка елді мекенінде «Халықты ет өнімімен қамтамасыз ету кезіндегі ветеринариялық қауіпсіздік шараларын іске асыру» тақырыбында баспасөз туры ұйымдастырылды.
Дерекке сүйенсек, бүгінгі күні облыста ветеринариялық қызметті «вертикальді жүйе» форматында салаға жауапты басқарманың бақылауымен 12 ветеринариялық станция және моноқалалардағы 6 бөлімше жүзеге асыруда.
Аталған шара ауыл тұрғындарының малын аса қауіпті ауруларға, эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталып отыр.
Іс-шараның басы-қасында облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Амандық Жакетаев жүрді. Ол аймағымыздағы ет сапасының ветеринариялық талаптарға жауап беретіні туралы айтып, елді елеңдеткен сауалдарға жауап берді.
Бұл туралы толығырақ «Ortalyq Qazaqstan» газетінің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
Әлішер СҮЛЕЙМЕНОВ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті филология факультетінің ІІ курс студенті.