Жаңалықтар

Ескертуді елемеген жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Полиция боранды күні алыс жолға шығуға тыйым салғанын бұған дейін де жазған болатынбыз. Алайда, 31 жастағы жүргізуші шектеулерге қарамастан жол полициясымен жанжалдасып, Балқаш қаласынан шығып кеткен.  Соңында жүргізушінің кім екені анықталып,  15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ortalyq.kz «Вечерняя Караганда» сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Балқаштан шыға берісте орын алған. Жергілікті полиция өкілдері жолаушылар қарлы-боран күні жолға шығып кетпеуі үшін блок-пост қойған. Алайда, 31 жастағы жолаушы тәртіп сақшыларымен жанжалдасып, жолға шығып кеткен. Қазіргі таңда оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап үлгеріпті. 

Полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырды. Материал құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша сотқа жіберілді. Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі ауданаралық соты ер адамды 15 тәулікке қамауға алды. 

Басқа материалдар

Back to top button