Жаңалықтар

Есірткіге қарсы баннерлер ілінген қоғамдық көліктер жолға шықты

2 наурыздан бастап Қарағанды қалалық ІІБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мен N3 автопарк бірлесіп, есірткіге қарсы акция өткізуде.

Сурет:N3 автопарктен

– Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – өскелең ұрпақтың нашақорлыққа қарсы санасын ояту. Есірткі саудасын ұйымдастырушылар жасөспірімдерге тез және қомақты табыс табуға уәде береді. Бүгінде есірткі мафиясының балаларға қарсы жарияланбаған соғысы жүріп жатыр. Жасөспірімдер есірткімен кез келген манипуляцияға жол берілмейтінін білуі керек. Бұл қылмыс. Қарағанды қаласының тұрғындарына нашақорлыққа қарсы көрнекі үгіт-насихат жүргізу және кәмелетке толмағандар арасында салауатты өмір салтын белсенді насихаттау мақсатында N3 автопарк және есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі акция өткізді. Осы акция кезінде есірткіге қарсы безендірілген автобус жолға шықты, – дейді Қарағанды қалалық ІІБ бастығы Шахназар Салин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін полицейлер мен автопарк қала тұрғындарына алаяқтарға алданып қалмауды ескертіп, бірнеше автобусты желіге шығарған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button