Жаңалықтар

Ешкім жұмыссыз қалмайды

   Оқыту арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал ету – өңірлік жұмыспен қамту орталықтарының міндеттерінің бірі. Жаңа өндірістердің құрылуы Саранда еңбек нарығында кадрлардың жетіспеушілігіне әкелді. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қалада талап етілген мамандықтар бойынша кәсіби оқыту басталды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында сарандықтар тегін талап етілген мамандық алу мүмкіндігіне ие болды. Қаладағы оқу орындары серіктес ретінде шықты.

Тігін кәсіпорындарының басшыларының сұраныстары бойынша 2016 жылдың 1 ақпаны мен 31 шілдесі аралығында 14 адам Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде оқудан өтіп, «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығын меңгерді. Теориялық курс аяқталғаннан кейін бағдарламаға қатысушылар Саран қаласындағы «Азия Тех» ЖШС, «Galex Plus» тігін-трикотаж фабрикасы, «Perfekt Tehnologies Style» ЖШС, «Tex Line» ЖШС кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтті. Жаңадан келгендерге меңгеретін мамандығының дағдыларын алу үшін барлық жағдай жасалды.

Жұмыспен қамту бойынша келешегі бар тағы бір бағыт – полимер өндірісі болды. Осы сектордағы кәсіпорын үшін «Экструдер машинисі» мамандықтары қажет. Оларды оқыту Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде 4 маусымнан басталды. Жұмыс берушілердің тапсырыстарына сәйкес топқа 15 адам қабылданды. Олар біліктілік алғаннан кейін «СКЭП» ЖШС, «Казметаллпласт» ЖШС, «Холдинг Алтын Арна» ЖШС-де жұмыс жасайтын болады.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қыркүйегінде «Электр жабдықтарын жөндеу ұстасы» мамандығы бойынша кадрларды даярлау басталды. Оқыту 10 айға созылмақ.

Бүгінгі таңда Саран жұмыспен қамту орталығы 18 бен 24 жас аралығындағы жұмысқа орналасқан жастар мен мен 55 пен 64 жас аралығындағы жұмысқа орналасқандар ішінен топ қалыптастырып жатыр.

Барлық көрсетілген бағдарламалар бойынша оқудан өтуге үміткерлерді іріктеу кәсіби маманға қызығушылық танытқан болашақ жұмыс берушілердің өздерімен жүзеге асырылды. Қатысушылармен әлеуметтік келісім-шарттарға қол қойылды, ал қол қойған тараптар жұмыс берушілер мен қатысушылардың өздері, сонымен қатар білім беру ұйымы және жұмыспен қамту орталығы. Оқыту кезеңінде бағдарламаға қатысушыларға ай сайынғы төлем ретінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі – дейді, Саран қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Светлана Лихачева.

Бір сөзбен айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы жұмысқа мұқтаж әр адамның алдында жаңа мүмкіндіктерді ашты. Жаңа мамандықты меңгергеннен кейін олар білікті жұмыскерлер мен орта буын басшыларының қатарын толтыра алады.

Оның бір жарқын үлгісі Алмагүл Садуованың тарихы. Нұра ауданының Кертеңді ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін тұрмысқа шықты, отбасымен Ынтымақ ауылына қоныс аударды, 4 бала трәрбиелеп өсірді, үй шаруасымен айналысты. 2011 жылы Сәдуовтер отбасы Саран қаласына көшіп келгеннен кейін Алмагүл мамандығы болмаған себепті ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай жүрді.

Балалар өсті, үй шаруасымен айналысып қана қоймай, жұмыс жасау мүмкіндігі де туды, – дейді Алмагүл. Оның үстіне ақша жағы да қиындау болды, қосымша кіріс керек дегендей. Балалардың оқуы, киім керек жыл сайын, коммуналдық төлем де бар. Маған қосымша табыс табуға уақытша кеңсе сыпырушысы, санитар сияқты жұмыстар ғана кездесті. Ал, мен, өзімнің көңілім қалаған жұмыс табуды армандайтынмын.

Саран жұмыспен қамту орталығына келгеннен кейін Алмагүл тігінші болып жұмыс жасай бастаған «СпецОснащение» ЖШС жұмысқа жолдама алды. Фабрика басшылығы Алмагүлдің еңбекқорлығын, тындырымдылығы мен тігінші мамандығына деген әуестігін байқаған болатын. Сол себепті жұмыс берушінің сұранысы бойынша Саран жұмыспен қамту орталығы Алмагүл Сәдуованы «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» мамандығы бойынша оқыту үшін топқа кіргізді.

Кәсіпорында маған толымсыз жұмыс күнімен жұмыс істеуге мүмкінік берді. 2016 жылдың ақпанынан бастап жұмыспен бірге курстан оқудан өттім. Тамыз айында біліктілікті беру емтиханын тапсырдым, әрі «Тігінші, 4 дәрежелі модельер-үлгіші» біліктілігімен орта білімі туралы алғашқы құжатымды алдым.

Бүгінгі таңда Алмагүл «Спец­Оснащение» ЖШС-де жұмысын жалғастыруда. Яғни, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында 4 баланың анасы сұранысқа ие мамандыққа ие болды, тұрақты жұмысы, ынтымағы жарасқан ұжымы мен тұрақты табысы бар.

Сергей Буянов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button