Осакаров кентінің тұрғыны Оңалхан Таубахан еліміздегі саяси науқанға бейжай қарамай, референдумда өзінің азаматтық ұстанымын білдірді.

Айта кетейік, бұл учаске Осакаров ауданындағы №9 гимназия базасындағы Қолдау мектебі (ресурстық орталық) ғимаратында орналасқан.
№552 референдум учаскесінде дауыс берген мүмкіндігі шектеулі азамат:
– Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын кезде әр адам белсенді болғаны дұрыс. Сондықтан бүгін осында келіп, өз таңдауымды жасадым, – дейді.
Әр азаматтың дауысы – бағалы. Осы жауапкершілікті терең сезінген Оңалхан Таубахан да өз азаматтық ұстанымын айқын көрсетті. Ел тағдырына қатысты маңызды күні белсенділік танытып, дауыс берді. Мұндай азаматтар – қоғамның жарқын үлгісі. Олар баршаға ел болашағына саналы және жауапкершілікпен қарау керектігін дәлелдейді
Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz
Осакаров ауданы



