Ертең Қарағандыда оқушылар сабақты онлайн оқиды

Қарағанды қаласының білім бөлімі хабарлайды: 2023 жылдың 13 қаңтары күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші және екінші ауысымның 0-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқуға көшіріледі. 5-11 сынып оқушыларының сабақтары штаттық режимде оқытылады.

Сонымен қатар, ата-аналар ауа-райының қолайсыздығына байланысты, мектептің қашықтығын ескере отырып, баланың мектепке баруы немесе бармауы туралы шешім қабылдай алады және өз шешімі туралы сынып жетекшісіне хабарлау қажет екенін ескертеміз.

 Ortalyq.kz