Бас тақырып

Ертең аймақта қатты аяз болып, жел күшейеді

Ертең Қарағанды облысында екпіні секундына 18 метрге жететін қатты жел соғып, төмен температура сақталады. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мамандары мәлімдеді. 

Сурет: el.kz сайтынан

– Тұрғындар ауа райына сай киінуді және мүмкіндігінше елді мекендерден тыс жерлерге саяхаттауды шектеу керек. Ертең күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде  солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с жетеді. Түнде облыстың шығысында 35-38 градус қатты аяз сақталады, – деп ескертеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button