АймақПриозерск

Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының жылыту маусымына дайындығын тексерді

Приозерск қаласында тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Жергілікті қазандықта негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделеді. Қалада жылу желілерінің проблемалық учаскелері де ауыстырылуда.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс сапары кезінде Приозерск қаласын алдағы жылу маусымына дайындау үшін қандай жұмыстар жасалғанын тексерді.

№ 1 қазандықта екі қазан жөнделді, қалған жабдықтар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

– Өткен қыста бірінші және бесінші қазандықтардың істен шығуына байланысты проблемалар болды. Биыл бюджеттен негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеуге қаражат бөлінді. Байқауды жергілікті мердігер жеңіп алды. Бүгінгі таңда екі қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары толық жүргізілді. Тағы бір қазандықты орнату келесі аптада басталады. Экономайзерлерді ауыстырамыз, – деді Приозерск әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханов.

Жылу магистралін жөндеуге де қаражат бөлінді. Қалада 2,5 км құбыр ауыстырылуда. Бүгінгі таңда жұмыстың 67% орындалды. Қыркүйек айында толығымен аяқталуы керек. Сонымен қатар, төрт жылу алмастырғышты ауыстыру көзделген.

Мұның бәрі тұрғындарды тұрақты жылумен қамтуға  бағытталған.

Облыс әкімі қала басшылығына жылыту маусымының өтуі үшін жеке жауапкершілік туралы еске салды.

Ермағанбет Бөлекпаев дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын да тексерді.

Нысан жыл соңына дейін тапсырылуы керек.

Бір уақытта жаңа ғимаратта 200-ден астам адам жаттыға алады.

Қазіргі таңда қасбетке сайдинг орнату басталды.

Ермағанбет Бөлекпаев мердігерге құрылыс қарқыны бойынша қатаң ескерту жасады.

– Нысанда артта қалушылық байқалады. Егер сіздер жылдамдатпасаңыздар, қатаң шара қолдануға, фирманы қара тізімге жіберуге тура келеді. ДСК-ны тұрғындар асыға күтеді, сондықтан соңғы ескерту жасап отырмыз, – деді облыс әкімі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button