АймақБас тақырыпПриозерск

Аймақ басшысы Приозерск тұрғындарымен кездесу өткізді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесу бірден тапсырмалардан басталды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

– Салқындату жүйесінде мәселе бар. Орталық жақсы және кең, ал желдету жүйесі жұмыс істемейді. Бұл мәселені шешу керек. Қала әкіміне кондиционерлеу жүйесіне ЖСҚ әзірлеуді тапсырамын, қаражат бөлеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өңір басшысы Приозерск көшелерінің күтімі мен тазалығын атап өтті. Қала дамуда, инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар жөнделуде. Келесі жылы жаңа мектептің құрылысы жоспарланып, тағы бір балабақша салынады. Приозерск үлкен туристік әлеуетке ие. Инженерлік коммуникациялар салынып, жеке инвестициялар тартылуда.

Қала тұрғыны Алматы – Екатеринбург тас жолында интернеттің және Приозерск қаласына бағыттайтын белгілердің жоқтығына шағымданды. Қазіргі уақытта жол жөнделуде. «ҚазАвтоЖол» ҰК Қарағанды филиалының басшысы Ерлан Жұмағұлов белгілер асфальт төселгеннен кейін жыл соңына дейін орнатылатынын түсіндірді. Облыс әкімі бұл жауапқа қанағаттанбады, ол қазір уақытша белгілерді орнатуды тапсырды.

Приозерск тұрғындары қалаішілік жолдардың шұңқырлы жөндеуі ұзаққа созылғанына алаңдаушылық білдірді. Қала әкімі Мансұр Ахметов бұл мәселені мердігерлермен байланыстырды. Біріншісімен келісім-шарт бұзылды, енді басқа мердігер жөндеуге кірісті. Шұңқырларды жөндеу бойынша жоспарланған 1200 шаршы метр жолдың 750 шаршы метрі аяқталды. Жұмыс жалғасуда. Билік жұмыс сапасын бақылауда ұстайтынын жеткізді.

 

Медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мәселесі көтерілді. Приозерск тұрғындары бұл қалаға келген мамандарға көтерме ақы төлеуді сұрады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова бұл мәселе мәслихат комиссиясының отырысына шығарылғанын айтты. Ол шешілген соң, дәрігерлер көтерме ақы ала алады. Біліктілікке байланысты 1,5-нан 8,5 млн теңгеге дейін төленеді. Өңір басшысы Приозерск әкіміне дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырды. Балқашта өңірлік ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол ең заманауи жабдықтармен жабдықталған болады. Мұнда Приозерск тұрғындары да жүгіне алады.

Қала ішіндегі автобустардың жұмысына да тұрғындар наразы. Ермағанбет Бөлекпаев жолаушылар көлігі және автожол басқармасына жергілікті әкімдікке бұл мәселені шешуге көмектесуді тапсырды. Қала үшін автобустарды лизингке алуға болады, бірақ тарифті көтеру қажеттілігі туындауы мүмкін, деп ескертті облыс әкімі. Қазір жол жүру құны 50 теңге, бұл тасымалдаушының барлық шығындарын өтемейді.

Қала тұрғындары туризмді ғана емес, өндірісті де дамытуды сұрады. Олардың айтуынша, Приозерск тұрғындарын жаңа піскен көкөністер мен жемістермен қамтамасыз ету үшін жылыжай салуға, балық бизнесін ашуға болатынын тілге тиек етті.

– Бұл ескертулеріңіз дұрыс және өте өзекті. Неліктен инвесторлар өндіріске ақша салғысы келмейді? Кәсіпкерлермен бірнеше рет кеңестер өткізілді, жеңілдікті несие алуға мүмкіндік бар. Әзірге кәсіпкерлер белсенділігі өте төмен. Мен осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар күтемін. Жеке өзім бақылауда ұстаймын, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Халықпен кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button