Руханият

Ересектерге арналған ертегі

К.Станиславский атындағы театрда «Үш апельсинге деген махаббат» спектаклінің премьерасы өтпек. Ересектерге арналған ертегінің басты кейіпкерлері – дель арте комедиясындағы Маска кейіпкерлері.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Қойылым орыс театр және кино актері Леонид Филатовтың сатиралық шығармасына негізделген. Спектакльдің қоюшы режиссері және К.Станиславский атындағы театрдың көркемдік жетекшісі Рача Махатаевтың айтуынша, бұл қойылымның таңдалуы кездейсоқ емес.

– Мен мұнда бір жыл бұрын келгенімде көп жанрлы театр құру идеясы болды. Яғни, труппа бір маусымда әртүрлі жанрларда өнер көрсете алады. Біз «Алтын бұлт түнеді» пьесасын, «7» деректі пьесасын, «Табысты орын» классикалық драмасын қойдық. Енді бағытты мүлдем басқа арнаға, яғни, маскадағы актерді өткір және динамикалық тіршілігіне айналдыратын кез келді. Бұл комедияның маған ұнайтыны – оның батылдығы, сөздердің өткірлігі және жалған пафостың болмауы, – деп атап өтті Рача Махатаев.

Спектакльде гипохондрик ханзада туралы баяндалады. Емделудің жалғыз жолы – үш сиқыр­лы апельсинді табу. Егер ханзада тапсырманы орындаса, ол өзінің ауруынан айығады. Спектакльге көркемдік беретін жарқын кейіпкерлер – жағымсыз маскалардағы персонаждар.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button