Медицина

Энтеровирустық этиологиялы серозды менингиттің алдын алу

Энтеровирустық инфекциялар (ЭВИ) – энтеровирустар тудыратын жедел аурулар тобы. Серозды менингит энтеровирустық инфекцияның ең типті түрі. Ауру көбінесе  жаз-күз айларында тіркеледі.

Сурет uabm.org

Инфекция көзі науқас адам және вирус тасымалдаушылар, соның ішінде аурудың симптомсыз түрімен ауыратын науқастар болып табылады. Патогеннің қарқынды бөлінуі аурудың алғашқы күндерінде пайда болады. Вирусты нәжісте, мұрын-жұтқыншақ секрециясында, қанда, зәрде клиникалық белгілер пайда болғанға дейін бірнеше күн бұрын анықтауға болады. 

ЭВИ-дің инкубациялық кезеңі 2-ден 14 күнге дейін өзгереді (орташа есеппен 1 апта).

Аурудың берілу жолдары – фекальды-ауыз арқылы беру механизмі (су, тамақ және контактілі-тұрмыстық жолдармен) және контактілі-тұрмыстық, ауа-тамшылы және ауа-шаң жолдарымен беріледі. ЭВИ-дің берілу факторлары ластанған қоршаған орта объектілері болып табылады (мысалы, ойыншықтар, есік тұтқалары). Вирус ауыз судан, бассейн суынан және жағалаудағы рекреациялық аймақтардан, тамақ өнімдерінен, ластанған топырақта өсірілген көкөністерден немесе ластанған сумен суарудан табылуы мүмкін. Көбінесе адамдар көп болатын жерлерде, лас қолдар, нашар жуылған көкөністер мен жемістер арқылы, ластанған тоғандар мен өзендерде шомылу арқылы жұқтыруға болады. 

Серозды менингит – бұл жоғары белсендідігі жаз айларына келетін  маусымдық ауру.   Энтеровирусты этиологияның серозды менингиттерінің маусымдық өсуі маусым айынан бастап тамызға дейін байқалады.

Ағымдағы жылдың 5 айында облыста энтеровирустық этиологияның серозды менингитіне күдікпен 7 жағдай тіркелді. Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалар ең көп зардап шегеді, бұл науқастардың 100% құрайды. Әлеуметтік-кәсіптік құрылымда науқастардың негізгі контингентін мектеп оқушылары 85,7%, мектепке дейінгі мекеме балалары 14,3% құрайды.  Берілудің негізгі факторлары: суық тию (85%), жеке гигиенаны сақтамау (15%), сонымен қатар ашық су қоймаларында, бассейнде шомылу болуы мүмкін.

Энтеровирустық инфекцияның алдын-алу шаралары кез-келген жедел ішек инфекциясымен бірдей — осы ретте келесі ережелерді сақтау қажет:

– ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолдану;

– әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;

– жемістер мен көкөністерді қолданар алдында оларды щеткамен мұқият жуып, содан кейін қайнаған сумен шаю;

– тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылу, шомылу кезінде суды жұтып қоймау;

 – өнімдерді жеке тұлғалардан және сауда үшін белгіленбеген орындардан сатып алмау;

– ағзаны суыққа төзімді етіп шынықтыру және салауатты өмір салтын ұстану.

Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі қарапайым алдын-алу шараларын сақтау арқылы аурудың алдын-алу жеңілірек!

Аурудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Г.Ж.БАЙГУТАНОВА,

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаменті

басшысының орынбасары

Басқа материалдар

Back to top button