Жаңалықтар

Энергетик – ел мақтанышы

     Энергетиктер күні қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Андрей ЛЯПУНОВ аталған саланың айтулы мамандарымен кездесіп, салтанатты түрде кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Энергетика – ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Сонымен қатар, қазақстандық өнеркәсіпті өрге сүйрейтін де осы сала. Сондықтан, энергетика маңызын айтып жеткізу мүмкін емес. Жұмысына деген өзінің кәсіби және жауапты қарым-қатынасы арқылы энергетика саласының мамандары күн сайын күрделі жұмыс істеп, тұрғындар мен өндірістік кәсіпорындарды энергетикамен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз етіп келеді, – деді Андрей Ляпунов.

    Шара соңында облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене ат салысып, жаңа қазақстандық қоғамды құруға өзінің жеке еңбек үлесін қосқан мамандар Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Сонымен қатар, Қазақстандық Энергетика Қауымдастығының «Еңбек сіңірген энергетик» медалі осы саланың ардагерлері – Виктор Тополь мен Олег Бувинге табысталды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button