Енді қазақстандықтар мерзімі өткен жеке куәлік пен төлқұжатты онлайн ауыстыра алады
ІІМ және цифрлық даму министрлігі бірлескен пилоттық жоба әзірледі.

– «Қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны (пилоттық жоба) онлайн форматта іске қосылсын,- делінген құжатта.
Жоба шеңберінде электрондық үкімет порталы және мобильді қосымшалар арқылы қолданылу мерзімі өткен жеке куәлік пен паспортты онлайн форматта айырбастауға болады.
Әзірлеушілер пилоттық жобаны жүзеге асыру алгоритмін ұсынды.
Онда ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы құжаттау жеке басын куәландыратын құжаттармен алмасуға, ауыстыруға байланысты, қорытынды шығаруды және әкімшілік хаттама жасауды талап етпейтін ҚР азаматтары жүгінген кезде жүзеге асырылатыны айтылған.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП және мобильді қосымшаларға жүгінген кезде жеке куәлікпен құжаттандыру оның қолданылу мерзімінің өтуі себебімен ғана жүзеге асырылады, бұл ретте қызмет жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 және одан аз күн қалса немесе жеке куәліктің қолданылу мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспаса ғана көрсетіледі.
Құжаттаудың басқа себептері бойынша ЭҮП және мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетілмейді және көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға «рәсімдеу қолжетімді емес, ХҚКО-ға хабарласыңыз» хабарламасымен жүгіну қажеттігі туралы хабардар етіледі.
ЭҮП және мобильді қосымшалардағы өтінімді көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттар негізінде дербес толтырады.
Тіркеу талонын қалыптастырғаннан кейін өтінім тиісті облыстың (өтініш беруші таңдаған) ПД КҚҚБ-на тексеру кезеңіне жіберіледі.
ПД КҚҚБ қызметкері келіп түскен өтінімді тексеруді жүзеге асырады, толтырудың дұрыстығына өтінімді тексереді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің талаптарына фотобейнесі мен қолтаңбасын тексереді және ЭЦҚ куәландыра отырып, құжаттарды дайындау үшін өтінімді ХҚТ ТП орталық торабына жібереді.
Егер фотосурет немесе қолтаңба мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің талаптарына сәйкес келмесе, не КҚҚБ қызметкеріне қосымша тексеру іс-қимылдарын жүргізу қажет болса, өтінім жойылады.
Өтінім сапасыз фотосуреттің немесе қолтаңбаның себебімен жойылған жағдайда, көрсетілген қызметті алушы жаңа өтінімге өтініш беріп, мемелекеттік бажды қайтадан төлейді. Бұрын төленген мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызмет алушыға қайтарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді тиісті тіркеу пунктінде, көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесінің қызметкері өтінімді тіркеу талонының нөмірі негізінде жүзеге асырады.
ЭҮП, мобильдік қосымшалар, БМГ, биометриялық сәйкестендіру жүйелерінің жұмысына байланысты себептер бойынша қызметтерді көрсету кезінде 10 минуттан артық техникалық іркілістер анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуге дәстүрлі форматта өтініш береді.
Пилоттық жоба 2026 жылдың 31 наурызына дейін жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Жоба 2025 жылғы 19 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА