Жаңалықтар
Елордадағы тең ойын
Қарағандылық «Шахтер» елордалық «Астанамен» жолдастық кездесу өткізді. Астанада өткен матчта қарсыластар тең есеппен тарқасты. 2:2.
Алғашқы тайм «Астананың» пайдасына шешілді. Патрик Твумаси мен Марин Томасов бір-бір голдан салды. 2:0.
Екінші таймда қарағандылықтар қарқынды арттырды. Нәтижесінде, «Шахтер» сапындағы Марко Станоевич қос мәрте мергендігімен көзге түсті. 2:2.
Десек те, астаналықтардың жеңіс жалауын мүмкіндігі болып еді. Алайда, Рамазан Кәрімов айып добын қақпаға тоғыта алмады.
Нұрқанат ҚАНАФИН