Спорт

Елордада Қазақстан футболының музейі ашылды

Қазақ футболының 110 жылдығына орай және отандық футболды насихаттау мақсатында Астанада Қазақстан футболының музейі ашылды. Іс-шараға «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері, Қазақ футболының ардагерлері, отандық футбол клубтарының жетекшілері, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев, пен ұлттық құрама ойыншылары Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский қатысты. Айта кетейік, музей Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың бастамасымен ашылды.

 

Тарихқа жүгінсек, Қазақ футболы 1913 жылы Семей өңірінен бастау алған.  Сол дәуірден бастап Қазақ футболының тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер, фотосуреттер, деректер мен ақпараттар жинастырылып, жаңа музейдің төріне қойылған. Әсіресе, аты аңызға айналған ойыншылардың жетістіктері, тарихтағы маңызды сәттерін осы музейден көруге болады.

 

Мәселен, көрнекті футболшы, жаттықтырушы Тимур Сегізбаевтың жеке заттары музейге қойылды. Құнды дүниелерді футболшының қызы Айгүл Сегізбаева музей қорына арнайы әкеп тапсырған. Белгілі спорт журналисі, алты кітаптың авторы Әлім Анапьянов музей қорына спорт тарихы жайлы және әдеби кітаптарын, құнды жәдігерлерін музей қорына сыйға тартты. Сонымен қатар, спорт тарихын зерттеушісі, шолушы, журналист Станислав Сәрсеков, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Назгүл Кадримбетова, ҚР Ұлттық музейінің, «Астана Арена» стадионының және еліміздің басқа да маңызды мәдениет және спорт нысандарының дизайнын жасауға қатысқан музей дизайнері Әсілхан Маштаев та қолындағы құнды деректерін, жәдігерлерін музей қорына берді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button