Жаңалықтар

«Елорда жастары» бағдарламасымен биыл 80 несие берілмек

Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына құжаттар 1 ақпан сағат 9:00-ден 6 ақпан сағат 23.59 дейін қабылданады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Астаны әкімдігінің Тұрғын үй қорына сілтеме жасап.

Сурет: aigak.kz сайтынан

Өтініштер birge.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде қабылданады. Биыл 80 тұрғын үй несиесін рәсімдеу жоспарланып отыр. 

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының шарттары:

– Қарыздың максималды сомасы – 18 млн теңге;
– Бастапқы жарна – 10%;
– Қарыз бойынша мөлшерлеме – жылдық 5%;
– Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Жалпы талаптар:

– Өтінім берген сәтте жасы 35-ке толмауы тиіс;
– Соңғы 1 жылда Астана қаласында тұрақты үздіксіз атаулы тіркеудің болуы;
– Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығымен тұрғын үйдің болмауы;
–  Өтініш беру сәтіндегі қатысушының таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;
– Жинақталған сомасы 1.8 млн теңгеден кем емес «Отбасы банкте» депозиттік шотының болуы;
– Отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы (260 442 теңге).

Қандай сала қызметкерлері қатыса алады:

– Денсаулық сақтау;
– Білім беру;
– Мәдениет;
–  Спорт;
– Әлеуметтік сала;
– ЖОО және ҒЗИ;
– Журналистер;
– Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының / мекемелерінің бейінді қызметкерлері;
– Қызмет саласына қарамастан, Астана қаласында «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 35 жасқа толмаған ааматтар.
– Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері;
– Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button