Бас тақырып

Елімізге келетін шетелдік туристердің саны артты

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Жиынға министрлік өкілдері, өңірлік туризм саласына жауапты басқарма басшылары және ведомствоға бағынысты ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Суреттер: Туризм және спорт министрлігінен

Кеңесте туризм саласының негізгі көрсеткіштер тыңдалып, отандық туризм саласының даму бағыттары мен өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ербол Мырзабосынов туризм индустриясындағы оң өзгерістерді атап өтіп, ішкі және сыртқы туристік ағынның тұрақты өсіп келе жатқанын жеткізді. Мәселен, былтырғы 9 айдың көрсеткіші бойынша ішкі туристер саны 562 мыңға көбейіп, 6 млн адамға жетті. Шетелдік туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Оның ішінде 969 мың шетелдік орналастыру орындарына тоқтаған.

– Былтыр Мемлекет басшысы отандық туризмді дамыту мәселесіне арналған арнайы кеңес өткізген болатын. Сол жиында Президент туризмді дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берген еді. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – Президент тапсырмаларының орындалу барысын және өңірлік туризмнің мәселесін талқылау, – деді министр.

Кеңесте өңірлерде кездесетін өзекті мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды. Әсіресе, туристік инфрақұрылымды дамыту, жаңа бағыттарды ашу, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы кәсіпкерлікті ынталандыру сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша еліміздің туристік әлеуетін арттыру, инвестиция тарту және халықаралық нарықтағы Қазақстанның беделін нығайту мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button