Бас тақырыпЖаңалықтар

Елімізде санаториялық-курорттық демалысты кімдер тегін ала алады?

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға санаториялық-курорттық емдеу қызметін тегін алуға болады, деп хабарлайды ortalyq.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Сурет: kasipodaq.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл қызметті алу жолдарын атады.

«Елімізде мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде балаларға да абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламалары негізінде санаториялық-курорттық емдеу қызметі ұсынылады. Бұл қызмет мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күнтізбелік жылда бір рет 14 тәуліктен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

Мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаториялық-куророттық ұйымда болу құнын санаториялық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70% мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтеп алуға құқығы бар. Санаториялық-курорттық емдеуді ұсынуға өтінішті қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде беруге болады», – деп мәлімдеді ведомство.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button