Ресми

Елімізде макарон өнімдерін өндіру көлемі артты

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп жатқан макарон өнімдерін шығаратын 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елімізде макарон өнімдерін өндіру көлемі артты

Өткен жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштердің 5,8% – ға өсуі байқалады. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын орта есеппен 130 мың тоннаға жуық макарон тұтынады.

Экспортқа келетін болсақ, шетелге 47,1 мың тонна сатылды, бұл көлем 2021 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде қалды. Қазақстандық макаронның негізгі тұтынушылары Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан болып отыр.

“Макарон өнімдерінің аз көлемі Қазақстанға импорттала бастады. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі кезеңде елге тек 23,4 мың тонна шетелдік өнім әкелінді, бұл көрсеткіш 8,2% – ға төмендеді. Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде 25,5 мың тонна импортталған болатын”, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Басқа материалдар

Back to top button