Жаңалықтар

Елімізде мұнай мен газға қатысты вирустық жарнама тарап жатыр

Елімізде Еуропаға тасымалданатын мұнай мен газ экспортынан жоғары табысқа қол жеткізуге болады деген жалған ақпар тарады. Энергетика министрлігі мұндай ақпаратқа сенбеуді сұрайды.

ҚР Энергетика министрлігі қазақстандықтардан желіде таралатын вирустық жарнамаға алданып қалмау қажет деп ескертеді.

“Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Еуропаға мұнай мен газ экспортының жоғары кірісін уәде ете отырып, газ саласындағы кейбір қаржылық платформалар туралы вирустық жарнама таралуда. Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады. ҚР Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдейді”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар, қаржы мониторингі агенттігі жалған қаржылық компаниялардан жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кеткенін ескертеді.  Жалған ақпарат таратушылар азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын қолданады, сонымен қатар танымал тұлғаларды қатысушы ретінде атайды. Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандықтарды сақ болуға шақырады. 

Басқа материалдар

Back to top button