Жаңалықтар
Елімізде Ұлттық кітап күні пайда болды
Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді. Мерекелер тізіміне тағы бір мереке қосылды. 23 сәуір – Ұлттық кітап күні.

Бұл жаңа мерекелік дата ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды. Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА