Бас тақырып
Елімізде алғашқы АЭС салынатын өңір белгілі болды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов алғашқы атом электр стансасын салатын өңір туралы қаулыға қол қойды.

– «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын, – делінген қаулыда.
Қаулы ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА