Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің үшінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында топ жарды. Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) кездесті.
Алғашқы сет Рыбакинаның пайдасына аяқталды – 6:4. Екінші кезеңде дәл осы есеппен қарсыласы басым түсті. Шешуші сетте қазақстандық спортшы тағы да басым түсіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, бұл – Елена Рыбакина үшін ТОП-10-ға кіретін ойыншымен болған қатарынан оныншы жеңіс. Сондай-ақ соңғы 21 матчтағы 20 жеңіс, жекелей сында 2022 жылғы Уимблдоннан кейінгі «Үлкен дулыға» турниріндегі екінші және спорттық жолындағы 12-інші титул.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



