ТОКҮО 2020
Елена қола жүлде үшін сынға түседі
Теннисші Елена РЫБАКИНА Токио Олимпиадасының жартылай финалда ұтылып қалды. Енді ол қола жүлдеге таласады.
Рыбакина жартылай финалында әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Тартысты кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Елена ендігі кезекте Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы кездесуде жеңіске жеткен спортшымен қола медаль үшін тартысады.