Поэзия

Елбасым – елдiң тiрегi

Елімді өрге бастаған,

Жерімді жатқа шашпаған.

Елбасым – елдің тірегі,

Бас қалам шалқар –

Астанам!

Көшбасшым көшті

бастап бір,

Жолдаудан жалын

тастап тұр.

«Мәңгілік Елдің» ертеңі,

Елбасымменен асқақ тұр.

Қол бұлғап арман

асқардан,

Елбасым елді басқарған.

Есілдің бойы –

Ақ Ордам,

«Бағаналы ордам –

басты ордам»!

Қазақтан туған арысым,

Бағысың, елдің арысың.

Алаштың туын құлатпас,

Түсірмес елдің намысын.

Бойыңда күш пен

айбат бар,

Жігер бар, сөнбес

қайрат бар.

Елбасым – Тәңір таңдауы,

Ертеңін елдің айғақтар.

Тек сізге шексіз алғысым,

Биіксіз, асқан нар мүсін.

Алаштың арын түгендер,

Қазақтан туған жалғызым.

Көк Туым көкте желбіреп,

Көп қазақ қарап елжіреп.

Көшбасшым көзсіз

батыр деп,

Көшбасшым ер деп

ер жүрек.

Алатау менен Арқаның,

Арасын жол ғып

тартамын.

Елбасым аман болса екен,

Болса екен Азат әр таңым!

Ержан ҚАРАТАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button