Жаңалықтар

Ел жадынан өшпейді

Сурет qamshy.kz

Жақсы өнерпаз елдің құты, халықтың қазынасы ғой. Өнерде өшпес із қалдырған жанның қазасын қабылдау да қиын, есту де ауыр.
Қайрат бауырым кәсіби актер ғана емес, зия­лы азамат, достыққа берік сертшіл жан еді. Кейде шын өнердің мақсаты не десе, шын өнердің мұраты жаны ояу, жүрегі жұмсақ қоғам қалыптастыру деп жауап берер едім.
Алып жүректі Қайрат інімнің «Қазақ хандығы» сериалында Керей ханның образын сенімді сомдағаны баршаға аян. Тарихи сериал тарихта қалды. Керей хан бейнесі мәңгі ұмытылмайды.
Зор талант иесі өмірден көшкенмен, оның сомдаған образдары халықтың жадынан өшпейтініне кәміл сенемін. Еліне сіңірген еңбегі бар азаматты Мағжанша айтқанда, ел де, жел де, бел де есінде сақтайды.
Қаза қайырлы болсын, ағайын!

Дүйсен ҚАСЕЙІНОВ,
профессор

Басқа материалдар

Back to top button