Жаңалықтар

Ел тілегі ескерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен іс-қимыл бағдарламасының «Салауатты ұлт: медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі» тармағын жүзеге асыру шаралары – тұрақты назарда. Облыс орталығындағы «ЖБИ» шағын ауданы тұрғындары тарапынан түскен өтініш-тілектер ескеріле отырып, отбасылық денсаулық орталығының жөндеуден өтіп, қайта ашылуы – соның бір айғағы.

Бұрынғы емхана апатты деп та­нылғаннан соң айналасы үш аптаның ішінде «Гиппократ» медициналық фирмасы жаңа ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жасады. Дегенмен, сала басшылығы бұл емхананы қолда­ныста уақытша болады деп отыр.

Ауданның 10 мың тұрғыны бұ­рынғы емханалары апатты деп та­нылғаннан кейін емдеу мекемесінсіз қалған еді. Олар еріксіз Пришахтин­скідегі емханаға қарай ағылатын. Халықты медициналық көмекпен оңтайлы қамту мақсатында көп ке­шікпей жаңа ғимарат анықталып, дәрігерлер бар жабдықтарымен сонда көшірілген болатын. Тозығы жеткен мекеме ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұрғындардың көңілі тыншығандай.

– Бұл ғимараттым тар, дәліз­ дерінен екі адам қатар жүре алмайды, – дейді аудан тұрғыны Вера Водейко. – Оның үстіне емхана орналасқан ғимараттың бір жағында қоғамдық монша бар.

Жаңарған емхананың қызмет көрсету жағдайымен танысуға арна­йы келген облыстың денсаулық сақ­тау басқармасы басшысы Ержан Нұрлыбаев жөндеу жұмыстарына оң бағасын берді.

– Бұл жерде алдында да болдық. Ол кездегімен салыстыруға келмейді. Аталмыш фирма емдеу мекемесінің алдындағы алаңды асфальттап, халыққа қолайлы жағдай жасайтын болады. Екіншіден, «Гиппократ» фирмасының есебінен жаңа отбасылық денсаулық орталығының құрылысын салу туралы келісімге келдік. Қалалық әкімдік жер телімін белгілегеннен кейін, жобалық-сметалық құжаттарды реттеуді қолға аламыз. Қазір «Гип­ пократ» фирмасы өз жауапкершілігіне алған міндеттемелерін орындап отыр, – деді Ержан Нұрлыбаев.

Сондай-ақ, емдеу мекемесі саты­сының ыңғайсыздығына байланыс­ты тұрғындар тарапынан айтылған шағымдар да алдағы уақытта шеші­мін табатын болады. Ержан Шәкір­ ұлының айтуынша, егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі кісілер үшін арнайы көтергіш іске қосылмақ.

Іргедегі монша жекеменшік болғандықтан, оған ешқандай шек­ теу қоя алмайтынын жеткізді бас­ шы. Дегенмен, тиісті санитарлық нормалардың сақталуы талап еті­ летін болады.

– Бұл отбасылық денсаулық орталығы болғандықтан, барлық мамандардың болуы міндетті емес. Қазір үш жалпы тәжірибе дәрігері, гинеколог-акушер, бөлім меңгеру­ шісі және медбикелер бар. «Гип­ пократ» медициналық фирмасының директоры Надежда Хохловамен келіскеніміздей, жекелеген маман­ дар арнайы келіп қабылдау жүргізіп отыратын болады, – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Жаңадан салынатын отбасылық денсаулық орталығының орналаса­ тын жері аудан тұрғындары үшін бірдей қашықтықта болу қажеттілігі айтылды.

– Бұл ретте аудан халқының пікірлері ескеріледі. Ол жөнінде әлі кездесетін боламыз. Мұнда баға тарифі де салыстырмалы түрде төмен болады. Тұрғындар арасын­ да ақылы қызмет алатындар аз, сондықтан, бағаны көтеру мақсатсыз деп ойлаймын. Жалпы, «Гиппократ» медициналық мекемесінің қызметіне жан-жақты бақылау жүргізуге құқы­ ғымыз бар. Пришахтинскідегі №2 емхананың филиалы ретіндегі отба­ сылық денсаулық орталығының жұ­ мысын жіті қадағалаймыз, – деді Е.Нұрлыбаев.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button