Жаңалықтар
Ел тұрғындары тамызда қанша күн демалады?
Еліміз 30 тамыз күні Конституция күнін атап өтеді.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Сондай-ақ осы Заңда мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналатындығы көрсетілген.
Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр. Осыған орай, аптасына бес күн еңбек ететіндер үшін 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 30 тамыз демалып, 31-і жұмыс істеп, 1 қыркүйек қайта демалады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА