Жаңалықтар

Ел төлқұжаттарында жаңа элемент пайда болады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ұлттық төлқұжаттың қорғалу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов айтты.

Сурет ҚР ІІМ

Өз сөзінде қазақстандық төлқұжаттың қандай болатынын көрсетті. Құжатта жаңа қауіпсіздік элементі – қар барысы болады.

Министрдің міндетін атқарушы қазақстандықтар 43 елге визасыз бара алатынын айтты.

– Төлқұжат барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және барлық қажетті қауіпсіздік элементтеріне ие. Қазір біз қауіпсіздіктің қосымша деңгейлерін енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз, – деді Бауыржан Әленов.

Одан әрі министрдің бірінші орынбасары көші-қон саласында бақылау күшейетінін айтты.

– Қауіпсіздік кеңесінде берілген тапсырмалар аясында көші-қон саласының ақпараттық жүйесін интеграциялау жұмысын іске асырып жатырмыз. Ішкі істер органдары көші-қон бақылауын жетілдіру бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды. Құжат және елге келген азаматтарды тіркеу процесіне мониторинг жүргізіледі. Жалған тіркеуі бар пәтерлерді анықтап, олардың санын азайттық, сонымен қатар пәтер иелері жауапкершілікке тартылды, — деп толықтырды ведомство өкілі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button