Спорт

Ел қоржынына бесінші алтын түсті

Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында отандастарымыз Санжар Досжанов пен Болат Сақаев Азия чемпионы атанды. 

 

70 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Санжар Досжанов 1/8 финалда оңтүстік кореялық Сук Хон Паркты таза жеңеді. Одан кейін қырғызстандық Орозобек Токтомбетовпен болған кездесу – тартысты өтті. Отандасымыз бұл айқаста да үстем түсіп, жартылай финалға жолдама алады. Ал, жартылай финалда ирандық Мортеза Хассанәлімен белдесіп, Азия чемпионатының финалисі атанады. Ақтық кезеңде өзбекстандық Зафарбек Отакхоновты жеңіп, ел қожынына алтын медаль салды.

 

79 келіге дейін салмақта сынға түскен тағы бір отандасымыз Болат Сақаев та алтын алды. Ол ширек финалда жапониялық Яджуро Йамасакиді, кейін ирандық Амирхосейін Мортеза Каваузиді айқын басымдылықпен жеңеді. Ал, финалда осы салмақтағы мықтының бірі өзбек Бекзод Абдурахмоновты да айқын басымдықпен жеңеді. Айта кетейік, Бекзод Абдурахмонов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Және де былтыр бұл салмақта Моңғолияда өткен құрлық бәсекесінде Қазақстанға медаль бұйырмаған-тын. 

Бұл күрестен Қазақстан құрамасының осы Азия чемпионатындағы бесінші алтыны. Осыған дейін Ибрагим Магомадов (грек-рим), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Жәмилә Бақбергенова (әйелдер күресі) топ жарған.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button