Жаңалықтар

Ел келешегі

    Мемлекеттiк тiл – ұлтты бiрiктiрушi фактор. Қазақ елінде өзге ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп, қазақ тілін меңгеруге құлшыныстарының артуы, өзге елдерге үлгі боларлық. Қазақстан құшағын өзге ұлт өкілдеріне кеңге жайған көпұлтты мемлекет екенін жақсы білеміз, мақтан тұтамыз.      

Алысқа бармай-ақ, өзіміздің С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде оқитын, өзге ұлт өкілдері, 7-сынып оқушысы Денис Заплаткин пен 5-сынып оқушысы Мария Якубенконы мақтанышпен айтсақ болады. Денис 6-сыныпта біздің мектеп-лицейге келіп, сынып оқушыларымен тез тіл табысып, мектеп өмірімен біте қайнасып кетті. Сынып жетекшісі Перизат Медиеваның айтуынша, Денистің ата-анасы ұлдарының мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысына қарай, оны қазақ сыныбына бергенін айтып өткен. Денистің қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінетін нағыз ұлт мақтанышы болады деген үкілеген үміттерінің бар екенін де жасырмаған. Кез келген ұлт өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады демекші, бүлдіршіндердің қазақ тіліне деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктері көп адамға үлгі бола алады. Ал, Мария биыл 5-сынып оқушысы. Оның биязылығы мен сыпайы мінезін сынып жетекшісі Айсұлу Байбалкенова ерекше бір тебіреніспен айтып отыр.  Сыныбының оқушыларымен тез тіл табысып, ешкімді жатырқамаған. Денисымыз бен Мариямыз мектеп-лицей өміріне етене жақын араласады, алар асулары мен асар шыңдарының әлі алда екеніні айдан анық.

«Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін…» деген өлең жолдары есімізге еріксіз түседі. Ұлан байтақ қазақ даласындай кең көңіліміз бен мейірімге толы жүрегіміз барда, қазақ болып қала береміз. Төртеуіміз түгел, мәңгі жасар ел болармыз сөзсіз.

Аяжан БАТАЕВА,

С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button